Жаңалықтар
Орталық Азия елдерінің қатысуымен VIII республикалық әкелер форумы өтті

Орталық Азия елдерінің қатысуымен VIII республикалық әкелер форумы өтті

VIII республиканский форум отцов прошёл с участием стран Центральной Азии

Орталық Азия елдерінің қатысуымен VIII республикалық әкелер форумы өтті

Астанада «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында  VIII Республикалық әкелер форумы өтті. Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ «Әкелер одағы» РҚБ делегаттары қатысты.


Форумның мақсаты әкелер институтын дамыту, отбасылық құндылықтар және өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында жаңа тәсілдерді насихаттау және қалыптастыру болып табылады. 


Мәдениет және вице-министрі Е. Кочетов: «Әкелер институтын қолдау мен оны дамыту Министрліктің тұрақты назарында. Жыл сайын әкелер форумдарын республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өткізу жақсы дәстүрге айналды. Балаларымыз лайықты азамат болып өсіп, ұлт болашағы жарқын болуы үшін ұрпақ тәрбиесіне бүгіннен ерекше көңіл бөлу қажет» - деп, атап өтті.


01.12.2023

Возврат к списку