Жаңалықтар
Астанада «Enactus world cup 2024» өтеді

Астанада «Enactus world cup 2024» өтеді

В Астане пройдет «Enactus world cup 2024»

Астанада «Enactus world cup 2024» өтеді

Қарағанды университетінің студенттері Нидерландта өткен жас кәсіпкерлердің әлем кубогына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Жерлестеріміз жүлделі орынға ие бола алмаса да, елге жағымды жаңалықпен оралды. Яғни, келер жылы жастар жасаған әлеуметтік жобалар бойынша әлем чемпионаты Қазақстан өтеді.


Enactus әлем кубогы – кәсіпкерлікпен айналысатын студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Өйткені мыңдаған жобаның арасынан үздік әлеуметтік стартаптар анықталады. Қазылар алқасы оларды бірнеше бағыт бойынша бағалайды. Яғни, жоба инновациялық әрі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына жол ашатындай болуы керек. Бірақ, ең бастысы, қарапайым халықтың өмірін жақсартуға мүмкіндік жасауы тиіс.


28.11.2023

Возврат к списку