Жаңалықтар
«Freelance мүмкіндік»: астанада жастарды жұмысқа орналастырау бойынга модільдік пунктер жұмыс істеп жатыр

«Freelance мүмкіндік»: астанада жастарды жұмысқа орналастырау бойынга модільдік пунктер жұмыс істеп жатыр

«Freelance мүмкіндік»:  в столице работают модельные точки для трудоустройства молодежи

«Freelance мүмкіндік»: астанада жастарды жұмысқа орналастырау бойынга модільдік пунктер жұмыс істеп жатыр

Астанада жастарды жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров Астана қаласының коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.


"Қазір жастарға қызмет көрсету орталықтары мен "Барлығына арналған мүмкіндіктер" модульдік пункттері жұмыс істейді. Бұл пункттер адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан. Мысалы, "Встреча", "Еуразия" аудандарында. Бұл пункттерде елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы тегін кеңес ала алады. Онда "Freelance мүмкіндік" жобасына жазылуға болады", - деді Қ.Қамбаров.


Оның айтуынша, "Freelance мүмкіндік" жобасының көмегімен жастар сұранысқа ие цифрлық дағдыларды үйренеді. Бұл маркетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер сияқты мамандықтар.


28.11.2023

Возврат к списку