Жаңалықтар
Қазақстандық жас ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізу үшін грант ұтып ала алады

Қазақстандық жас ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізу үшін грант ұтып ала алады

 Молодые казахстанские ученые могут выиграть гранты на научные исследования

Қазақстандық жас ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізу үшін грант ұтып ала алады

Үш жылға есептелген бір жобаны қаржыландыру 30 млн теңгеден аспайды.


Ғылым және жоғары білім министрлігі докторантурадан кейінгі жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады.

Гранттар 2024-2026 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша мынадай бағыттар бойынша бөлінеді:


   -Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану.

   -Энергия, озық материалдар және көлік.

   -Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар.

   -Елдің зияткерлік әлеуеті.

   -Өмір және денсаулық туралы ғылым.

   -Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы.

   -Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.


Грантқа өтінімдерді 13 қазаннан 11 қарашаға дейін Ғылым комитетіне электронды түрде беруге болады.

2024-2026 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы - 9 млрд теңге. Үш жылға есептелген бір жобаны қаржыландыру 30 млн теңгеден аспайды.


22.11.2023

Возврат к списку