Жаңалықтар
Қазақстандық жастардың жай-күйі туралы жаңа баяндаманың тұсаукесері

Қазақстандық жастардың жай-күйі туралы жаңа баяндаманың тұсаукесері

 Презентация нового доклада о положении казахстанской молодежи

Қазақстандық жастардың жай-күйі туралы жаңа баяндаманың тұсаукесері

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Қазақстан жастары – 2023» ұлттық баяндамасының он бірінші басылымының тұсаукесерін өткізеді. Баяндамада қазақстандық жастардың өмірдің түрлі салаларындағы жағдайы мен әл-ауқаты туралы ақпарат қамтылған.

Талдау жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың статистикалық деректері, сондай-ақ 6000 респондент қамтылған Қазақстанның барлық өңірлерінде ағымдағы жылы «Жастар» ҒЗО жүргізген әлеуметтанулық зерттеулердің қорытындылары пайдаланылды.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жастар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Аккредитация және басқа да сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: +7 775 777 09 10 - Айдана

 Аккредитация өту үшін сілтемемен өтіңіз: https://forms.gle/4gkDBt8nvHxavTZj8

17.11.2023

Возврат к списку