Жаңалықтар
ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн байқау сынақтары қолжетімді

ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн байқау сынақтары қолжетімді

Для подготовки к ЕНТ доступны пробные онлайн-тесты

ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн байқау сынақтары қолжетімді

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы байқау сынақтарын іске қосты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады. 


Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. 


Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылғы ҰБТ-да пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтсек, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.


19.11.2023

Возврат к списку