Жаңалықтар
Астанада "Түркістан мыңжылдықтар тоғысында" көрмесі ашылды

Астанада "Түркістан мыңжылдықтар тоғысында" көрмесі ашылды

В Астане открылась выставка «Туркестан на перекрестке тысячелетий»

Астанада "Түркістан мыңжылдықтар тоғысында" көрмесі ашылды

Астанада Республика күні мен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне орай Ұлттық музейде «Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» атты көрме ашылды. 

Көрменің мақсаты – түркі мәдени мұрасын насихаттау, түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымықтастықты одан әрі тереңдету. Ол үш бөлімнен тұрады: «Тарихы терең Түркістан», «Түркістан – Түркі әлемінің рухани орталығы», «Жошы Ұлысынан Қазақ хандығына дейін».

Сондай-ақ, арнайы меймандарға Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салыну тарихы, құрылыс ерекшеліктері, кесенеге тиесілі XIV ғасыр жәдігерлері таныстырылды. Экспозицияда 130-ға жуық тың жәдігерлердің түпнұсқасы бар.


03.11.2023

Возврат к списку