Жаңалықтар
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жастардың жұмысқа орналасу мәселесін талқылады

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жастардың жұмысқа орналасу мәселесін талқылады

В НИЦ «Молодежь» обсудили вопрос трудоустройства молодежи

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жастардың жұмысқа орналасу мәселесін талқылады

31 қазанда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастар еңбек нарығында: сұраныс, мүмкіндіктер мен перспективалар» зерттеу нәтижелерін сараптамалық алаңда таныстырды.

Презентация аясында «Жастар» орталығының директоры Айсұлу Ерниязова жастардың еңбек нарығындағы интеграция процесінің негізгі сипаттамаларына тоқталды. Атап айтқанда, жұмысқа орналасқан респонденттердің тек 28,8%-ының мамандығына сәйкес келетін жұмыс профилі бар екені атап өтілді.

Өз кезегінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болжау және зерттеу департаментінің директоры Дмитрий Шумеков жастар санының өсуіне байланысты әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға елеулі жүктеме түсуіне дайын болу қажеттігін айтты.

Талқылау барысында жастар арасындағы еңбек қызметіне арналған білім беру стандартының маңыздылық дәрежесінің төмендеу үрдісі ескерілді. Мұндай пікірді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің бас сарапшысы Мадияр Алдияров білдірді.


03.11.2023

Возврат к списку