Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Казахстанские студенты отдыхают 7 дней во время осенних каникул

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі демалыс 2023 жылдың 30-қазаны мен 5-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу  мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынды.

Іс-шаралар жоспарына:

- жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

- «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;

- «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «Педагог-бала-ата-ана» бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;

- Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу» тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу.


02.11.2023

Возврат к списку