Жаңалықтар
50 орынға 30 мың өтініш: Президенттік жастар кадрлық резервіне құжаттарды қабылдау аяқталды

50 орынға 30 мың өтініш: Президенттік жастар кадрлық резервіне құжаттарды қабылдау аяқталды

30 тысяч заявлений на 50 мест: завершился приём документов в Президентский молодёжный кадровый резерв

50 орынға 30 мың өтініш: Президенттік жастар кадрлық резервіне құжаттарды қабылдау аяқталды

Бірінші тестілеуге 6404 қатысушы жіберілді. Қазақстанда Президенттік жастар кадрлық резервіне үшінші іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды. Бір ай ішінде жобаның ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркеліп, оның 6404-і «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестінен өтуге рұқсат алды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

Резервке іріктеу алты кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық есептерді шешу, құзыреттерді бағалау (бағалау орталығы және құзыреттілік сұхбаты), сарапшылық комиссиямен әңгімелесу және Ұлттық комиссия отырысы. .

Президенттік жастар кадрлық резерві – мемлекеттік басқару жүйесіне шығармашыл және бастамашыл жастарды тартуға бағытталған жоба.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам резервке алынады. Жеңімпаздардың есімдері желтоқсан айында белгілі болады.


Дереккөз; түпнұсқа мәтіннің аудармасы

https://informburo.kz/novosti/30-tysyach-zayavlenij-na-50-mest-zavershilsya-priyom-dokumentov-v-prez...
01.10.2023

Возврат к списку