Жаңалықтар
Бүгін "Кәсіби даму академиясы" аясында семинар-тренингтер легі басталды

Бүгін "Кәсіби даму академиясы" аясында семинар-тренингтер легі басталды

Сегодня в рамках "Академии профессионального развития" стартовал поток семинаров-тренингов

Бүгін "Кәсіби даму академиясы" аясында семинар-тренингтер легі басталды

Бүгін Астана қаласында Жастар ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен олардың орынбасарларына арналған «Кәсіби даму Академиясы» жобасы аясында семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

«Кәсіби даму Академиясы» жобасы жастар саясаты саласындағы кәсіби кадрлардың әлеуетін арттыруға, жастарға көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі дамытуға бағытталған.

Семинарлар легі “Жастар” ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязованың алғы сөзімен басталды. Ол өз сөзінде аталмыш оқыту тренингтерінің жастармен жұмыс саласындағы кәсіби мамандардың әлеуетін арттыруда маңызды рөл ойнайтынын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Оқыту барысында қатысушылар шешендік шеберлік, жеке тиімділік техникасы, ойлау дизайны, жобаны басқару секілді түрлі деңгейдегі тақырыптар аясында білімдерін шыңдайды. Оқыту тренингтері 10 күнге жалғасады.
18.09.2023

Возврат к списку