Жаңалықтар
«Aqyl Battle» жастарға арналған интеллектуалды жарысы басталды

«Aqyl Battle» жастарға арналған интеллектуалды жарысы басталды

Стартовало интеллектуальное состязание для молодежи «Aqyl Battle»

«Aqyl Battle» жастарға арналған интеллектуалды жарысы басталды

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шара барысында ҚР АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, сонымен қатар «Aqyl Battle» жобасының техникалық жетекшісі Бибінұр Шербаева спикер ретінде сөз сөйледі.

«Aqyl Battle» – 14-35 жас аралығындағы жастар арасында мемлекеттік тілде жүргізілетін заманауи зияткерлік командалық ойын.

Турнир үш кезеңде өткізіледі: бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік онлайн турнир - «Aqyl Battle» мобильді қосымшасындағы өңірлік іріктеу; екінші кезең (іріктеу) – өңірлік оффлайн турнирлер; үшінші кезең – «Aqyl Battle Cup» республикалық сайысының финалы.

Евгений Кочетов өз сөзінде мұндай зияткерлік ойындар рухани құндылықтар мен патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті.

Жоба мақсаты: мемлекеттік тілді кеңінен дәріптеу, тілге деген қызығушылықты ояту, логикалық ойлауды дамытатын білімді жастар үшін бос уақыттың өзекті форматын қалыптастыру мақсатында жастар арасында қызықты интеллектуалдық, шығармашылық сайыстар өткізу және ел азаматтарының лингвистикалық капиталын арттыру.

Дәулет Мұқаев, өз кезегінде іске қосылып жатқан ойынның құрылу тарихымен бөлісті.

ҚР Үкіметі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жасақтаған 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын бекітті.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында егеменді Қазақстанның жаңа сын-қатерлері тұрғысынан жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жобалар айқындалды, соның бірі – «Aqyl Battle».

26.04.2023

Возврат к списку