Жаңалықтар
Ақмола облысының ЖРО-сы «Мен донормын» қайырымдылық акциясын өткізді

Ақмола облысының ЖРО-сы «Мен донормын» қайырымдылық акциясын өткізді

Прошла благотворительная акция «Я – донор» в МРЦ Акмолинской области

Ақмола облысының ЖРО-сы «Мен донормын» қайырымдылық акциясын өткізді

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ «Мен - донормын» қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – адамдарға қан қорын құру қажеттілігі туралы хабарлау және барлық бей-жай қарамайтын адамдарды ерікті негізінде донор болуға шақыру болып табылады.

Қан – адамдардың денсаулығының өте маңызды элементі болып табылады. Донорлық қан әр сағат сайын, минут сайын қажет. Қаныңызды бөлісу дегеніміз біреуге өмір сүруге мүмкіндік беру. Донорлар 450,0 мл көлемінде қан тапсырады, дені сау адамның денесі үшін бұл көлемде қан тапсыру физиологиялық қауіп төндірмейді, сонымен қатар қан кету қаупі жоқ. Зерттеу нәтижелері мен сарапшылардың тәжірибесі донорлықтың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді.

«Қайырымдылыққа арналған акцияға Ш. Уәлиханов атындағы университеті мен көпсалалы колледжі, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ-педагогикалық колледжі, Жоғарғы көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжі, Көкшетау жоғары медициналық колледжі, «Арна» колледжі, Біржан сал колледжінің студенттері және «Esirtkisiz Bolashaq» КФ, Көкшетау қаласының «Студенттер Альянсы» КФ белсенділері мен «Феникс» ВО волонтерлері қатысты. Сонымен қатар, аталған акцияға кәмелеттік жасқа толған азаматтар қатыса алды. Жалпы 50-ден аса қатысуға ниет білдірген жас буын өкілдерінің ішінен тек 15-ке жуығы ғана донор бола алды. Айта кету керек, аталмыш акция жыл бойы жалғасын табады», – деп өңірлік «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы Дидар Хамзин атап өтті.

Акцияға қатысушылар алдын ала қан тапсыру ережесімен танысуға және акция басталғанға дейін нұсқаулықтан өтуге міндетті болды. Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін барлық жағдайларды жасап, акцияның өткізу кезінде олардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауап берді.

 

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының
баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл. тел.50-72-69)

13.02.2023

Возврат к списку