Жаңалықтар
Жастар ресурстық орталықтарының алқасы

Жастар ресурстық орталықтарының алқасы

Коллегия Молодежных ресурсных центров

Жастар ресурстық орталықтарының алқасы

7 қараша күні «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) алқасы өтті.

Алқаның мақсаты 2022 жылғы жұмыстың қорытындысын шығару және ЖРО қызметін дамыту бойынша одан әрі іс-қимылдарды жоспарлау болып табылады.

Алқа шеңберінде: жастар саясатын дамыту Тұжырымдамасы және ЖРО Үйлестіру кеңесі бойынша жұмыс қорытындылары, ЖРО қызметін дамыту бойынша пилоттық жоба қағидаларының жобасы, Жастар бастамаларын іске асыру құралдары, жастардың бос уақытын қамтамасыз етудің маңыздылығы талқыланды.

Алаңға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық ЖРО басшылары, сондай-ақ жастар ҮЕҰ басшылары, жастар саясаты саласындағы сарапшылар қатысты.

«Жастар» ҒЗО директоры Азиз Искаков жастар саясаты мен жас азаматтарды әлеуметтік қолдау арасында нақты айырмашылық жасау және «жастар үшін» қағидатынан алшақтап, «жастармен бірге» қағидатын қолдану қажеттігін атап өтті.

«Астана Жастары» ЖРО басшысы Шыңғыс Тілеулин тұжырымдама аясында еліміздің жастары үшін басым бағыттарды анықтау қажет екенін айтты.

Батыс Қазақстан облысының ЖРО директоры Аслан Тапишев жастар ресурстық орталықтарының функцияларын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Бұл жастардың бастамаларын қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді және ресурстық орталықтардың институционалдық дамуына ықпал ете алады.

Сондай-ақ, Астана қаласының, Шығыс Қазақстан облысының және Түркістан облысы Төлеби ауданының ЖРО басшылары 2022 жылда жасалған жұмыстарының қорытындылары туралы ақпаратпен бөлісті.

Алқа қорытындысы бойынша хаттама дайындалады.

08.11.2022

Возврат к списку