Жаңалықтар
«Жастар» ҒЗО қызметкерлері «Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы - формализм немесе нақты іс-қимыл» диалог алаңына қатысты

«Жастар» ҒЗО қызметкерлері «Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы - формализм немесе нақты іс-қимыл» диалог алаңына қатысты

Сотрудники НИЦ «Молодежь» приняли участие в диалоговой площадке «Концепция развития гражданского общества - формализм или реальные действия».

«Жастар» ҒЗО қызметкерлері «Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы - формализм немесе нақты іс-қимыл» диалог алаңына қатысты

Іс-шара 1 қараша күні Астанада өтті. Алаңды ұйымдастырушылар «Астана қ.ҮЕҰ Альянсы» ЗТБ, «ТРИНТА» ЖҚ және «Ozgeris» жобалық кеңсесі. Іс-шара «АБҚО» КЕАҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Алаң аясында тұжырымдаманың бірінші раундын іске асыру қорытындылары талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру 2020-2030 жылдарға арналған және екі кезеңнен өтуді көздейді: 2020-2025 жылдың бірінші кезеңі, 2026-2030 жылдың екінші кезеңі. Әр кезеңді жүзеге асыру екі раундқа бөлінеді. 2022 жылы Тұжырымдаманың бірінші кезеңін іске асыру аяқталады.

Тұжырымдамада азаматтық сектор қызметін трансформациялау бойынша жаңа тәсілдер көзделген, олардың ішінде мемлекеттік функциялардың бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру, стратегиялық әріптестік практикасын пайдалану және азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының шешімдер қабылдау, мемлекеттік істерді басқару процесіне қатысу деңгейін арттыру атап өтілді.

Мұндай трансформация өз кезегінде «мен тек өзіме және жақын шеңберге қамқорлық жасаймын» принципінен - қала мен елге қамқорлық жасайтын «жауапты азаматқа» өзгеріс әкеледі.

Алаңның негізгі ұсынымдарының бірі азаматтық қоғамның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру болды. Бүгінгі күні МӘТ рәсімдерін регламенттеу бар, бірақ бұл ретте де бұзушылықтарға жол беріледі.

Мемлекеттік органдар көп жағдайда жобалардың тақырыбын жария талқылау тетігін сақтамайды. Жергілікті атқарушы органдар жоспарлау кезінде халықтың қажеттіліктерін бағалаудан гөрі жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындауға көбірек көңіл бөледі.

Сарапшылар тұжырымдаманы іске асырудың күтілетін нәтижелері сандық индикаторларға негізделетінін және нәтижелерді мониторингтеу үшін нақты KPI және сапалық индикаторларды әзірлеу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, азаматтық қоғамның даму индексіне бағалау жүргізу және ҮЕҰ-ның экономикалық үлесін бағалауды енгізу туралы ұсыныс айтылды.

Пікірталас алаңының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсыныстар әзірленетін болады.

03.11.2022

Возврат к списку