Жаңалықтар
Сарапшылар «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының қорытындысын талқылады

Сарапшылар «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының қорытындысын талқылады

Эксперты обсудили результаты Национального доклада «Молодежь Казахстана – 2022»

Сарапшылар «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының қорытындысын талқылады

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының мазмұны, сондай-ақ қорытындылары мен ұсыныстары бойынша қорытынды сараптамалық талқылау өтті.

Сараптамалық кездесуге мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ жас ғалымдар қатысты.

Іс-шарада кіріспе сөзінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері  10-шы Ұлттық баяндаманың қорытынды жобасын дайындау барысы туралы, сондай-ақ жастар саясаты саласында жүйелі зерттеулер жүргізудің маңыздылығы туралы айтып өтті. Мәселен, баяндаманы дайындау барысында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың кейінгі статистикалық және талдамалық деректері, сондай-ақ Орталық жүргізген 3 әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері, сонымен қатар жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша 30-дан астам тереңдетілген сұхбат пайдаланылғанын айтып өтті.

Кездесу барысында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Орнықты даму мақсаттары хатшылығының директоры Б. Хамбар гендерлік талдаудың маңыздылығына, сондай-ақ кешенді шараларды қабылдауға және олардың тиімділігін кешенді бағалауға назар аударды. Сарапшының айтуынша, жастардың жалпы санындағы мүмкіндігі шектеулі жастардың үлес салмағының артуы, жастардың қалаға көшуіне байланысты болашақта ауыл халқының қартаюы, жастардың қалаға көшуіне байланысты іс-шаралардың уақытшалығы сияқты тенденцияларды және де жастар үшін жұмыс орындарын ашуды да қосымша зерттеу қажет екенін айтты.

Өз кезегінде, «Мейкатон» халықаралық қозғалысының негізін қалаушы С. Арапова сарапшылар қауымын жастардың наразылығы күшейген жағдайларды олардың алдын алу бойынша превентив шараларын құру мақсатында модельдеу мүмкіндігін қарастыруға назар аударуға шақырды.

«Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры А.Е. Чеботарев жастардың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қатысуға ұмтылмайтынын атап өтті, бұл жастар арасында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы хабардарлықтың төмен деңгейін көрсетеді. Осыған байланысты, жобалар мен бағдарламалар туралы ақпаратты тиісті ОМО және ЖАО сайттарында ашық жариялау ұсынылады. Оның айтуынша, ақпараттық контентті күшейту тұрғысынан жастар ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың және жергілікті билік органдарының өкілдерін тарта отырып, республикалық арналарда бағдарламалар циклін құру мүмкіндігін қарастыру қажет. Сондай-ақ бүгінгі күні ресми түрде жұмыс істеп тұрған жастар ұйымдарының мәселесі де шешімін таппай отыр. Жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесін зерделеу шарасы ретінде сарапшы «Атамекен» ҰКП базасында ЕХӘҚМ-мен бірлесіп арнайы рекрутингтік агенттік құруды ұсынды.

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ қолданбалы зерттеулер және әзірлемелер департаментінің директоры У.А. Оспанова жастар саласына қатысты келесі мәселелерді атап өтті: тілдік-техникалық талаптар тұрғысынан ауыл жастарының қалыптасып келе жатқан еңбек нарығына дайындығы, қала мен ауыл мектептері арасындағы цифрлық алшақтық, болашақтағы экологиялық мәселелер. Сонымен қатар мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қолданыстағы бағдарламалар туралы ақпаратты қамтитын қазақ тіліндегі контент мәселесі өткір тұрғанын айтты.

Қарағанды университетінің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.А. Ханов мектептердегі буллинг және жастардың жағымсыз әсерлерге ұшырауының сараптамалық бағасын ұсынды.

Букетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының ассистенті А.Д. Макатова өз сөзінде NEET жастарының әлеуметтік бейімделуіне, болашақта жоғары сапалы саяси қатысудың алғышарты ретінде жастардың волонтерлік жұмысын ынталандыру қажеттілігіне тоқталды. Сарапшы оқу орындарында логика, сыни ойлау және фактчекинг бойынша қосымша курстар өткізуді, сондай-ақ жастар арасында беделді тұлғаларды бақылауды ұсынды.

Талқылау нәтижесінде сарапшылар жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен әлеуметтік баспалдақта жоғары көтерілуінің тиімді тетіктерін жасау үшін заманауи мемлекеттік жастар саясатын қазіргі әлеуметтік-экономикалық талаптарға бейімдеу қажет деген ортақ пікірге келді. Осы мақсатта жыл сайын «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы дайындалады. Баяндама жастар ортасындағы қазіргі жағдайды зерделеуге және жастар саясатын іс жүзінде жүзеге асыруға мүдделі әрбір тарапқа пайдалы ғылыми еңбек болып табылады.

Іс-шара гибридті (онлайн және офлайн) форматта өтті.

28.10.2022

Возврат к списку