Жаңалықтар
Жұмыс тобының мүшелері жаңа Жастар саясатының тұжырымдамасын дайындау аясында негізгі векторларды анықтады

Жұмыс тобының мүшелері жаңа Жастар саясатының тұжырымдамасын дайындау аясында негізгі векторларды анықтады

Члены рабочей группы определили основные векторы изучения в рамках подготовки новой Концепции молодежной политики

Жұмыс тобының мүшелері жаңа Жастар саясатының тұжырымдамасын дайындау аясында негізгі векторларды анықтады

2022 жылдың 10 қазанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында 2030 жылға дейінгі Жастар саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиын барысында өз бағыты шеңберінде жұмыс тобының мүшелері жастар арасында кәсіпкерлік құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ іскерлік білім деңгейін көтеру сынды мәселелерді талқылады. Мұндай шараның қажеттілігі бүгінгі таңда жас кәсіпкерлер тарапынан кәсіби бизнес саласында проблемалардың бар болуымен байланысты.

Осы ретте бизнес-білім беру секторын қайта іске қосу жолдары қарастырылды, атап айтқанда, республика бойынша 228 жұмыс істейтін жастар ресурстық орталықтарының платформасын пайдалану арқылы жастардың іскерлік білімін арттыру ұсынылды. Осындай ЖРО платформалары арқылы жастардың білімін арттыруға, сондай-ақ бизнес жүргізу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік бар.

Талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы жастардың еңбек нарығында мамандықтар аясында сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтін тенденциясы байқалатыны болды. Осылайша, жұмыс тобының мүшелері жастардың техникалық және жұмысшы мамандықтарын таңдауына жағдай жасау қажет деген ортақ пікірге келді.

Сонымен қатар жұмыс тобының мүшелері жастар арасындағы бизнес-жобалардың «өміршеңдігі», стартап-инкубатор сынды жаңа жобаларды іске қосу, тәлімгерлік институтын енгізу, гранттық қолдау тетіктерін қайта бастау сияқты басқа да маңызды тақырыптарды талқылады.

Жұмыс тобының мүшесі, «Жастардың жетістіктері» қоғамдық қорының жетекшісі Р.А. Амангелді болашақ жас және әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру бойынша ұсынысты ортаға салды.

«Qazaq Independent Directors» Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының атқарушы директоры, бақылау кеңесінің мүшесі Е.Н. Бейсембинов Жастар арасындағы кәсіпкерлік мәселелерін тереңірек зерделеу үшін жұмыс процесіне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін де қосуды ұсынды.

Іс-шара онлайн режимде өтті. Барлық ұсыныс пен ұсыным есепке алынып, 2030 жылға дейінгі Жастар саясаты тұжырымдамасы жобасының мазмұнын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

10.10.2022

Возврат к списку