Жаңалықтар
Қазақстанда жастардың тұрғын үй бағдарламасының дизайнын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізіледі

Қазақстанда жастардың тұрғын үй бағдарламасының дизайнын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізіледі

В Казахстане проведут исследования для разработки дизайна молодежной жилищной программы

Қазақстанда жастардың тұрғын үй бағдарламасының дизайнын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізіледі

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шартарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізуге келісті.

Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының дизайны әзірленетін болады.

Бұл жобаны іске қосу оңтайлы шешім табуға және өңірлік бағдарламаларды бірыңғай республикалық бағдарламаға біріктіруге арналған. Оны іске қосу жастардың басым бөлігінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазір жас қазақстандықтардың арасында баспана алу өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы деректеріне сәйкес, тұрақты жұмыспен және лайықты табыс деңгейімен қатар жеке шаршы метрінің болуы жастардың ертеңгі күнге деген сенімділігінің топ-3 факторының қатарына кіреді. Респонденттердің 40,9% «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа «Өз баспанасы» деп жауап берді.

Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған бағдарламаларды дербес іске қосты. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары». Жақын арада осындай бағдарламаны Атырауда («Алатау жастары») іске қосу жоспарланып отыр.

Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін іріктеу критерийлері өңірге байланысты өзгеруі мүмкін. Несие беру шарттары әдетте стандартты болып табылады: бастапқы жарна кемінде 10% болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5% (СЖТМ 5,2%), несие мерзімі 19 жылға дейін.

Жастардың бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының дизайнын әзірлеу үшін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Отбасы банк» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

20.09.2022

Возврат к списку