Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында «Ашық алаң» отырысы өтеді

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында «Ашық алаң» отырысы өтеді

7 сентября текущего года в 15.00 часов в г.Нур-Султан на площадке Казахстанского института общественного развития состоится заседание «Ашық алаң»

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында «Ашық алаң» отырысы өтеді

Іс-шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасының Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірлесіп ұйымдастыруда.

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын жария етті.

«Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды. Жаңа сайлау науқанының мерзімдерін және оның ретін елге ашық жариялау шешім қабылдау кезіндегі ашықтық қағидатына сай келеді. Осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формуламызды біртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі»,- деді Президент.

Отырыстың мақсаты - жастар ұйымдарының өкілдерімен талдамалық әңгіме өткізу.

Отырыс барысында жастар саясатының өзекті тақырыптары, атап айтқанда, жастар ресурстық орталықтарының жұмысы және жас қызметкерлердің имиджін жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланады. Сондай-ақ Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын негізге ала отырып, ҮЕҰ өкілдері мемлекеттік жастар саясаты аясындағы бастамалардың үздік кейстерін ұсынуды жоспарлауда.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, сарапшылар мен мемлекеттік грант иегерлері қатысады.

Күні: 7 қыркүйек 2022 ж.

Уақыты: 15:00

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 11/5, Нұрлы-Орда БО, 6 қабат (конференц-зал)

БАҚ өкілдері сараптамалық талқылауға тыңдаушы ретінде қатыса алады.

06.09.2022

Возврат к списку