Жаңалықтар
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні

Международный день действий против ядерных испытаний

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттерінде:
«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады».

2009 жылы 2 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының алпыс төртінші сессиясы 64/35 қарарды бірауыздан қабылдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. Қарар адамдарды "ядролық қарудың сынақ жарылыстарының, кез келген басқа да ядролық жарылыстардың салдары және оларды ядролық қарудан азат әлем құру мақсатына қол жеткізу құралдарының бірі ретінде тоқтату қажеттігі туралы" неғұрлым белсенді ақпараттандыруға және хабардар етуге шақырады. Көптеген авторлары мен тең авторлары бар осы Қарарды қабылдау бастамасын Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуын атап өту үшін көтерген болатын.
29.08.2022

Возврат к списку