Жаңалықтар
«Gov2Jastar» сараптама алаңында «Жастар саясаты жүйесінде жобалық тәсілді өзектендіру» тақырыбында талқылау өтті.

«Gov2Jastar» сараптама алаңында «Жастар саясаты жүйесінде жобалық тәсілді өзектендіру» тақырыбында талқылау өтті.

На экспертной площадке «Gov2Jastar» прошло обсуждение на тему «Актуализация проектного подхода в системе молодежной политики»

«Gov2Jastar» сараптама алаңында «Жастар саясаты жүйесінде жобалық тәсілді өзектендіру» тақырыбында талқылау өтті.

2022 жылғы 29 шілдеде «Gov2Jastar» сараптама алаңында «Жастар саясаты жүйесінде жобалық тәсілді өзектендіру» тақырыбында талқылау өтті. Пікірсайыс барысында жастар және отбасы саясаты салаларындағы жобаларды іске асырудың тиімділігі мәселелері, стейкхолдерлер тап болатын проблемалар, сондай-ақ көрсетілген салалардағы жобалардың тақырыптарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар талқыланды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы 2023-2025 жылдарға арналған жобалардың ұсынылып отырған тақырыптарын айтты.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры жастардың әлеуметтік көңіл-күйін зерттеу нәтижелері негізінде қалыптасқан бірқатар тақырыптарды және контрагенттерді іріктеу тетіктерінің ашықтығын арттыру жөніндегі ұсыныстарды таныстырды.
Сондай-ақ, кездесу қатысушылары жобаларды іске асыру тетіктерін талқылап, алдағы жылдарға арналған жаңа тақырыптарды ұсынды.
«ҮЕҰ жобаларын іске асырар кезінде бірінші кезекте сапа және тиімділік сияқты параметрлерге назар аударуы қажет. Сонымен қатар жүзеге асырылатын жобалар жастардың нақты сұраныстарына негізделіп, қоғамдық құндылығы бар болуы керек» - «Жастар» ҒЗО сарапшасы деп айты.
Іс-шараға Президент Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының, Павлодар облысының Жастар бастамаларын дамыту орталығының, СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасының, Жастар қоғамдастығының өкілдердін қызметкерлері қатысты, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

29.07.2022

Возврат к списку