Жаңалықтар
Түркістанда NEET санатындағы жастарды анықтау және олармен жұмыс істеу әдістемесі талқыланды

Түркістанда NEET санатындағы жастарды анықтау және олармен жұмыс істеу әдістемесі талқыланды

В Туркестане обсудили методику выявления и работы с молодежью категории NEET

Түркістанда NEET санатындағы жастарды анықтау және олармен жұмыс істеу әдістемесі талқыланды

Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің жобасы аясында «Жастар» Ғылыми зерттеу орталығы жастар ресурстық орталықтары мамандарының біліктілігін арттыру үшін білім беру алаңдарын жалғастыруда. 29 шілде күні Түркістан қаласында "NEET санатындағы жастармен жұмыс" тақырыбында үш күндік семинар-тренинг басталды. Іс-шараға Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысуда.
Оқыту семинары барысында NEET санатындағы жастарды анықтау және тіркеу әдістемесі, оның ішінде халықаралық тәжірибені ескере отырып апробациялау мәселелері талқыланады. Негізгі екпін жастардың осы осал санатымен жұмыс істеу үшін қажетті қарым-қатынас пен кеңес берудегі дағдылар мен техникаларды меңгеруге жасалатын болады. Сондай-ақ, оқыту барысында қатысушылар жастармен жалпы жұмыс істеудің заманауи тәсілдерімен және ұғымдарымен танысады.

29.07.2022

Возврат к списку