Жаңа Қазақстан: мемлекеттік жастар саясатын институциялық трансформациялау қажеттілігі

Жаңа Қазақстан: мемлекеттік жастар саясатын институциялық трансформациялау қажеттілігі

Новый Казахстан: необходимость институциональной трансформации государственной молодежной политики

Жаңа Қазақстан: мемлекеттік жастар саясатын институциялық трансформациялау қажеттілігі

«Жастар» ҒЗО «Gov2Jastar» сараптамалық алаңында «Жаңа Қазақстан: мемлекеттік жастар саясатын институциялық трансформациялау қажеттілігі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Сарапшылар Мемлекет басшысының жаңа қоғамдық-саяси реформалары аясында мемлекеттік жастар саясаты жүйесіне енгізу қажеттілігін талқылады.
Атап айтқанда, жастармен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру бойынша пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және өңірлік Ішкі саясат департаменттерінің басшылығы, Саяси менеджмент мектебінің, CSI, AlmaU Саяси зерттеулер орталығының және Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің жетекші ғылыми қызметкерлері қатысты.

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов биыл жастарды әлеуметтік қолдау шаралары аясында айтарлықтай жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, жастар саясаты туралы заңға өзгеріс енгізу, жастардың әлеуетін қолдауға және шыңдалуына бағытталған жаңа тұжырымдама, жаңа жобалар бар.

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Асқар Баймұқанов мемлекеттік жастар саясатын бір жүйеге келтіріп, жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың нақты мәселелерін шешу мақсатында жеке орган құруды ұсынды.

Пікірталасқа қатысушылар жас қазақстандықтарды әлеуметтік жобаларға және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға тартуды ұсынды. Сондай-ақ, сарапшылар жастарды дамыту тетіктерін одан әрі пысықтауды ерекше бөліп көрсетті. Дарынды жастарға, NEET санатындағы жастарға және жас кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсету қажеттілігі де аталып өтті.

Сарапшылар мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттырудың маңызды сәті жастармен тікелей жұмыс істейтін жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдардың икемділігі мен өкілеттіктерін күшейту қажет деп санайды.

13.07.2022

Возврат к списку