НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM ЖАРИЯЛАЙДЫ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM ЖАРИЯЛАЙДЫ

ФОНД НУРСУЛТАНА НАЗАРБАЕВА ОБЪЯВЛЯЕТ ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM ЖАРИЯЛАЙДЫ

Шығармашылық тұрғыда дамып, батыл идеяларды іске асырғың келіп жүрген талантты жассың ба?

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ЖасStar GRANTS PROGRAM — шығармашылық жобаларды іске асыруға талантты жастарға арналған гранттар конкурсын жариялайды. Байқаудың 10 жеңімпазына жобасын іске асыруға 2 млн теңгеден грант беріледі. 

Байқаудың басты мақсаты – жас мәдениет және өнер қайраткерлерін, сонымен бірге, мәдениет және өнер, дизайн, сән және шығармашылық кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыратын суретшілердің, креаторлардың, шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың жобалары мен жұмыстарын қолдау.

Байқауға қатысуға 40 жастан аспаған, Қазақстан азаматы болып табылатын шығармашыл қызметкерлер, сонымен қатар, мәдениет және өнер саласындағы қызметпен айналысатын шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдар қатыса алады.

Байқау шарттары:
- 40 жасқа дейінгі жандар;
- Қазақстан Республикасының азаматы;
- Өнер және мәдениет саласы қызметкерлері;
- Үш өтінімге дейін беруге болады.

Байқау үш кезеңнен тұрады: 
I – өтінімдерді қабылдау және бастапқы іріктеу – 2022 жылғы 1 шілдеден 18 қыркүйекке дейін. 
II – жобаларды бағалау және финалистердің шорт-парағын қалыптастыру.
III – Алматыда финалистердің тұсаукесері және «ЖасSTAR» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында жеңімпаздарды анықтау.

Байқау туралы ақпарат және қорытындысы —осы жерде: https://www.fnn.kz/competition/64.

Ең креативті және батыл жан жеңсін!
Сұрақтар туындады ма? Call-орталыққа қоңырау шалыңыз: +7 707 419 62 21.
04.07.2022

Возврат к списку