Жаңалықтар
Жаңа Қазақстанды құру тұрғысында сарапшылар «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылады

Жаңа Қазақстанды құру тұрғысында сарапшылар «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылады

В контексте построения Нового Казахстана эсперты обсудили структуру Национального доклада «Молодежь Казахстана – 2022»

Жаңа Қазақстанды құру тұрғысында сарапшылар «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылады

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында «Қазақстан жастары – 2022» Ұлттық баяндамасының мазмұндық бөлігін алдын ала сараптамалық талқылау өткізілді.

Негізгі баяндамашылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Жанна Кәрімова, Қазақстандағы ЮНФПА гендерлік және популяция жөніндегі мәселелерін бағдарламалық талдаушы Молдақұлова Ғазиза, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Алексеенко.

Талқылау нәтижесінде сарапшылар ұлттық баяндама жастардың шынайы сұранысын көрсететін құжатқа айналуы керек деген ортақ пікірге келді. Олар баяндаманың маңыздылығы өскелең ұрпақтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін, сондай-ақ жастар саясатын талқылау кезінде ескеру қажет негізгі тенденцияларды, қызығушылықтар мен талаптарды анықтауда екенін атап өтті.

Жанна Кәрімова жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында ұлттық баяндаманың қорытындысы бойынша практикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәжірибесін қайта бастауды ұсынды. Сондай-ақ ол ұлттық баяндаманы, оның ішінде қоғамдық әлеуметтану құралдарын, тиімді кері байланыс құралдарын пайдалануды кеңінен насихаттауға назар аудару керектігін атап өтті.
13.06.2022

Возврат к списку