Жаңалықтар
Референдумға шақыру шарасы өтті

Референдумға шақыру шарасы өтті

Референдумға шақыру шарасы өтті

Референдумға шақыру шарасы өтті

Референдумды қоғамдық қолдаудың Республикалық штабының қызметі шеңберінде 25 мамырда Қарағанды қаласының Достық үйінде өңірдегі жастар ұйымдарының көшбасшылары мен жарқын өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ бастамасымен ұйымдастырылды.

- Қазіргі уақытта референдум өткізудің маңыздылығы қоғамның барлық санаттарына саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл құралды біздің жастарымыз толық көлемде пайдалануы керек. Жаңа Қазақстан бұл жай ғана ұран емес, біз үшін бұл жаңа қоғам құру қағидаты.  

Біз үшін жаңа Қазақстан жаңа мүмкіндіктер ашады, қазіргі жағдайда жастар қоғамдық-саяси процестерге қатысудың жаңа деңгейіне шыға алады, өзекті мәселелерді шешу алаңын пайдалана алады, - деп атап өтті «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде.

Қарағанды облысының жастар ұйымдарының көшбасшылары референдум өткізу және Конституцияға түзету енгізу туралы өз пікірлерімен бөлісті. Кездесуге қатысушылар реформаны іске асыруға жастардың белсенді қатысуы жаңа Қазақстандағы өзекті мәселелерді шешуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар «Ассамблея жастары» жастар ұйымының #МенРеферндумғаБарамын хэштегін іске қосу туралы бастамасын қолдап, жастарды әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарына қосылуға шақырды.

Кездесуге ҚХА Кеңесінің мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, ҚХА мүшесі және жастар ұйымының өңірлік өкілдігінің көшбасшысы Александр Урмашов, жастар ұйымдарының және этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары қатысты.

alashainasy.kz

25.05.2022

Возврат к списку