Жаңалықтар
Алматыда жастардың тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау 18 мамырда басталады

Биыл «Алматы жастары» жобасы аясында қаланың 1 мың тұрғыны баспаналы болады. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтуынша, өтінім қабылдау 18 мамырдан бастап 1 маусымға дейін жалғасады.

«Биыл Алматыда 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Олар – медицина қызметкерлері, оқытушылар, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары», – дейді Ерболат Досаев.
Бұл бағдарлама арқылы үй сатып алу үшін 5%-бен 25 жылға 18 млн теңге несие берілетін болады.

Дегенмен, бастапқы салым ретінде үй алушы 10% сомасын төлеуі қажет. Айта кетейік, 2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге арттырылды.

12.05.2022

Возврат к списку