Жаңалықтар
Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды

Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды

Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды

Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды

Алматыда шахмат федерациясы құрылды. Ұйымның президенті болып Жансая Әбдімәлік тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz қазақстандық шахматшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа ұйым Алматы шахмат одағынан шыққаннан кейін аккредитациядан өтіп, қалада шахмат ойынын дамытпақ.

"Федерация 2024 жылға дейін төрт негізгі бағытты дамытуды жоспарлап отыр: азаматтар арасындағы бұқаралық спорт, мектептегі білім беруде шахмат, элиталық спорт, сондай-ақ ардагерлерді қолдау", – деді Жансая Әбдімәлік.

Алдағы үш жылда жаңа тұрақты спорттық іс-шараларды – ашық синхронды ойындарды, Алматы және басқа қалалардың командалары арасында турнирлерді ұйымдастыру, сондай-ақ саябақтарда, аулаларда, ауруханаларда және басқа да қоғамдық орындарда жаңа шахмат аймақтарын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар жоспарға сәйкес Алматы мектептерінде шахмат кабинеттері ашылып, арнайы оқу бағдарламалары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған әдістемелік құралдар әзірленіп, Мектеп лигасына қатысатын командалар жасақталады.

«Оқу орындарында шахмат сабағын енгізу тәжірибесі Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда бұрыннан қолданылып келеді, Армения әлемде бірінші болып шахматты жалпыға міндетті мектеп бағдарламасына енгізді. Бұл алматылық мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады», – деді Жансая Әбдімәлік.

Элиталық спортты дамыту аясында жастар спортын қолдау, 8 бен 18 жас аралығындағы алматылық команданы жасақтау және соның нәтижесінде Қазақстан, Азия, Әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болу бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Турнирлерге дайындық үшін Алматы қаласының жастар құрамасының шахматшылары үшін шетелдік халықаралық гроссмейстерлер мен спорт психологтарын тарту арқылы жылына бірнеше рет далалық оқу-жаттығу жиындарын өткізу жоспарлануда.  

Жансая Әбдімәліктің айтуынша, федерацияны дамытудың бұл бағыты жас шахматшыларды қолдаудағы үлкен олқылықтың орнын толтыруға септігін тигізеді.

inbusieness.kz

20.04.2022

Возврат к списку