Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты

Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты

Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты

Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты

6-14 cәуір аралығында Елбасы кітапханасы Атырау және Жамбыл облыстарының мектеп оқушыларына, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттеріне «Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты» семинар-тренингін жүргізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жоба ел мемлекеттілігінің тарихын кеңінен насихаттауды, жастарды патриоттық және азаматтық санаға ұйытуды, олардың шығармашылық әлеуетін нығайтуды көздейді.

Қатысушылар «Мемлекеттік тәуелсіздік – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы», «Экономиканы жаңғырту және өмірдің жаңа сапасы», «Әлем тарихтағы Қазақстан», «Жасампаздық – ұлттың бәсекеге қабілеттілігініңкепілі» дәрістерін тыңдады.

Сондай-ақ материалды бекіту, байланыс орнату дағдыларын дамыту мақсатында тренингтер ұйымдастырылды.

«Вебинардан жақсы әсер қалды. «Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?», «Ол үшін жастар қандай болуы керек?» деген сұрақтарға жауап алдық. Заман талабы мен тенденциясын, бәсекеге қабілетті тұлғаның қасиеттерін білдік», - дейді Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Гүлзат Сауран.

Жобаның аясында Алматы университеттерінің студенттері «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2019 жылғы жеңімпазы, «Жастар театры» актері, халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты Әлібек Нұрбекпен кездесті.

Оларға да Елбасы кітапханасының музейін, Назарбаев орталығы мен Қазақстан Республикасы ұлттық музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды.

«Нұр-Сұлтанда өткен екі күннен алғаным көп. Жаңа білім мен дағды алумен қатар жаңаша эмоция, рух сезініп, өз-өзімді жаңа қырдан таныдым. Біз адамның, жеке тұлғаның, әразаматтың еліміз үшін құндылығын аңғардық», – дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Дарын Ершатов.
Барлық тыңдаушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ең белсендіқатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

dknews.kz

19.04.2022

Возврат к списку