«Data-журналистика» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Data-журналистика» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Data-журналистика» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Data-журналистика» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Ұлттық баспасөз бен жаңа медиа нарығындағы технологиялық, коммуникативтік алаңдардың интеграциясы сапалы журналистік өнім даярлайтын мамандарды талап етеді.   Нарықтағы осы сұраныс пен жұмыс берушілердің талабына сәйкес, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Data-журналистика» инновациялық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Data-журналистика» білім беру бағдарламасы ақпарат пен коммуникация саласында үлкен деректерді өңдеу және сапалы контент жасауға машықтанған білікті медиа мамандарды даярлауға бағытталған.

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы базасында оқытылатын бағдарлама гуманитарлық және техникалық факультеттердің түлектеріне, сондай-ақ кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуді қалайтын тәжірибелі журналистерге арналған. Магистранттардың бастапқы потенциалын анықтайтын әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық және экономикалық салаларда білім алғандар үшін де екі бейімдеу курсы енгізілді.

Жаңа магистрлік бағдарламаның бірегейлігі – магистранттарға журналистік ғана емес, сондай-ақ технологиялық дағдыларды үйретіп, жылдам өзгеретін кәсіптік ландшафтпен еркін жүруге және кез келгенінде, соның ішінде интеграцияланған (конвергентті) басылымдарда өзін жайлы сезінуге мүмкіндік береді.

Білім алушылар журналистикаға арналған жасанды интеллект,  компьютерлік  лингвистика және медиаанализ, Data-журналистиканың ғылыми негіздері,  цифрлық технологиялары мен қазіргі ерекшеліктері, мәліметтерді визуализациялау және инфографика құралдарын жан-жақты зерттейді.

Нәтижесінде бітірушілер ақпараттық өңдеу және өндіріс саласындағы біліктіліктерге, сондай-ақ жаңа технологиялық құралдар және технологиялармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады.

Магистратураға қабылданған білім алушы жастар 2021 жылы   «Data-журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша елімізде алғаш рет әлеуметтік ғылым магистрі атанды.

Бағдарламаның маңызды артықшылығы – магистранттарды кәсіптік салаға оқу кезеңінде тарту, білім алушылар әріптестердің нақты жобаларына қатысады. Магистранттарға «Қазақ медиа орталығы Басқару компаниясы» ЖШС, «Хабар» ААҚ, «РТРК Қазақстан» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КеАҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Орталық коммуникациялар қызметі» сияқты квазимемлекеттік секторда тағылымдамадан өту, зерттеу жобаларына қатысуға мүмкіндік бар.

Кафедра базасында соңғы оқу жылдарында ашылған «Qazaqstan», «Egemen Qazaqstan»,  Ж.Кенжалин атындағы Баспасөз және жаңа медиа оқу-шығармашылық зертханалары оқу-техникалық мүмкіндіктер алаңына айналды.  Сонымен қатар «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматыдағы тілшілер қосыны,  «Qazaqstan» ұлттық арнасының Алматы редакциясы мен «Қазақ газеттері» ЖШС базасында ҚазҰУ-дың Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы филиалдарының ашылуы  оқу үдерісінің медиа өндіріске бейімделуіне жол ашты. 

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде Австралия, Канада, Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің топ-университеттерінің  озық тәжірибелері  зерттелді. Оқу үдерісіне жетекші ғалымдар мен тәжірибелі мамандар тартылғанын атап өткен жөн.

Деректер журналистикасы нарығына жоғары білікті ғылыми педагогикалық мамандар даярлау Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын орындаудың академиялық базасы саналмақ.

dknews.kz

19.04.2022

Возврат к списку