Қазақстан ғылымын дамытудың бес жылдық тұжырымдамасы қабылданады

Қазақстан ғылымын дамытудың бес жылдық тұжырымдамасы қабылданады

Қазақстан ғылымын дамытудың бес жылдық тұжырымдамасы қабылданады

Қазақстан ғылымын дамытудың бес жылдық тұжырымдамасы қабылданады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы ғылым мен бизнес тығыз байланыста болғанда ғана өндіріс дамып, халыққа нақты пайда келетінін атап өтті. Ең алдымен, ғылыми жаңалықтарға мұқтаж кәсіпорындарды анықтау үшін маркетинг жүйесін енгізу керек және Ғылым қоры өз жұмысын инвестициялық тартымдылықты арттыруға, ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға бағыттауы тиіс. Осыған орай Ә. Смайылов Білім және ғылым министрлігіне бірқатар тапсырма берді. «Бірінші, 30 сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз етсін. Екінші, жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтасын, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасасын. Үшіншіден, Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе бере отырып, институционалдық трансформациялау шараларын қабылдасын», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында. Сонымен бірге, Ғылым қорының экономикалық тиімділігін арттыруға, ғылыми зерттеулерді капиталдандыруға, олардың инвестициялық тартымдылығын, барлық кезеңдегі ашықтығын арттыруға мән беріп, ребрендинг жасау тапсырылды. «Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы жобасына ғылымды қажет ететін өндірістерді, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруда ғылымның үлесі бөлімін қосып, оның нақты индикаторларын белгілеуді қамтамасыз етсін. Индустрия және Энергетика министрліктерімен бірлесіп, ғылыми-техникалық кеңестер құруды және жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруының орталықтандырылған механизмі енгізілісін», - деді Әлихан Смайылов. Айта кетейік, Үкімет отырысында Премьер-Министр ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. «Бүгін еліміз Ғылым күнін атап өтеді. Елімізде отандық ғылымды дамыту жолында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге тың ғылыми жаңалықтар, жұмыстарыңызға зор табыс және сәттілік тілеймін! Бүгінгі Үкімет отырысында отандық ғылымды дамыту мәселесін қараймыз», - деді Әлихан Смайылов.

inform.kz

13.04.2022

Возврат к списку