Жаңалықтар
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді

На предложение бизнесмена Айдына Рахимбаева о сокращении школьных каникул ответил министр образования и науки Асхат Аймагамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді

Мәжіліс алаңында министрге кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың қазақстандық мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысы туралы сұрақ қойылды.

«Біз жақтайтындар да, қарсылар да бар екенін айтып отырмыз. Қарсылық танытқандардың уәжін түсінеміз, бұл жерде қашан да ғылыми көзқарас болуы тиіс. Министрлік бұл мәселені мұғалім, ата-ана тұрғысынан емес, ғылыми тұрғыдан қарастыруы керек – бұл балаға қаншалықты тиімдірек» деді министр.

Аймағамебтовтың айтуынша, қазіргі уақытта Білім министрлігі демалыс уақытын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.

«Бұл мәселені ғылым, психология, әдістеме тұрғысынан шешу үшін біз қазір бұл зерттеуді жүргізіп жатырмыз және оның нәтижесін міндетті түрде айтамыз. Бұл мәселені әріптестермен бірге алдын ала талқылаймыз» деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Bi Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы, кәсіпкер Айдын Рахымбаев Қазақстанда мектептегі каникулдың ұзақтығын төрт аптаға қысқартып, сол арқылы оқу жылының ұзақтығын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынған болатын.

Оның айтуынша, оқу жылының ұзақтығы Азияның алдыңғы қатарлы елдеріне қарағанда қысқа, бұл білім берудің тиімділігіне әсер етеді. Сондай-ақ кәсіпкер компанияның тұрғын үй кешенінің жанынан ашылып жатқан BINOM орта мектептерінде пилоттық жоба аясында және Білім министрлігінің рұқсатымен оқу жылының биыл ұзартылатынын да атап өтті.

orda.kz
Айнура Дарибаева

30.03.2022

Возврат к списку