Жаңалықтар
«Жастар» ҒЗО директоры: Қазақстан алдында тұрған сын-қатер жастардың мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласына қатысуын кеңейту қажет екенін көрсетеді

«Жастар» ҒЗО директоры: Қазақстан алдында тұрған сын-қатер жастардың мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласына қатысуын кеңейту қажет екенін көрсетеді

Директор НИЦ «Молодежь»: Вызовы, которые стоят перед Казахстаном, указывают на необходимость расширения участия молодежи во всех сферах жизни государства и общества

«Жастар» ҒЗО директоры: Қазақстан алдында тұрған сын-қатер жастардың мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласына қатысуын кеңейту қажет екенін көрсетеді

2022 жылғы 30 наурызда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауының «Жаңа Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі» атты талдамалық дискурсы өтті. Оған республикалық жастар ұйымдарының басшылары мен сарапшылар да қатысты.

Отырысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов ашты. Ол Президент жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын тиімді орындаудың маңызды екенін атап өтті.

Дискурс барысында «Жастар» ҒЗО директоры Әзиз Ысқақов, Президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Индира Рыстина, «Amanat» партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының» сарапшысы Аян Сакошев сөз сөйледі.

Талқылау қорытындысы бойынша кездесуге қатысқандар Президент жолдауында аталған өзгерістер жолы жастардың ел өміріне қатысуына қосымша мүмкіндік туғызатынын атап өтті. 
30.03.2022

Возврат к списку