Жаңалықтар
Сарапшылар ауыл жастарының әлеуметтік жағдайын талқылады

Сарапшылар ауыл жастарының әлеуметтік жағдайын талқылады

Эксперты обсудили социальное положение сельской молодежи

Сарапшылар ауыл жастарының әлеуметтік жағдайын талқылады

2022 жылғы 24 қаңтарда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Ауыл жастарының әлеуметтік жағдайы» тақырыбында жетекші сарапшылармен пікір-талас алаңын өткізді. Талқылауға сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Алғы сөзінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев бүгінде жастарға қатысты жаңа бастамалар қолға алынып, олар нақты, мақсатты бола отырып, жас азаматтарға көп мүмкіндік тудыратындай болуы тиістігін атап өтті.

«PaperLab» зерттеу тобының сарапшысы, әлеуметтанушы Серік Бейсембав өңірлер арасындағы жастар саясатына бөлінетін қаржы көлемінде үлкен айырмашылық барын және бұл өз кезегінде белгілі мәселелер тудыратынына тоқталды. Сарапшының пікірінше, алдағы уақытта қаржыландыру барысында белгілі баланс сақтауды ұсынды.

Ауылды елді-мекендердегі жас қыз-келіншектердің мәселесіне ерекше назар бөлу қажеттігін баса айтқан Жастар корпусын дамыту жобасын сараптау және бағалау жөніндегі маманы Камила Ковязина олардың потенциалдарының жоғары екендігіне сенімді. Сарапшы ауылдарда жас әйелдерге жас ұрпақты тәрбиелеу тұрғысынан әлдеқайда көп жүктеме бар екендігіне сенімді. Сондықтан олар балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының аздығына байланысты кейбір бағдарламалар мен жобаларға қатыса алмайды.

Жас музыкант және вайнер Алексей Лодочниковтың пікірінше, кейбір елді мекендерде байланыс пен интернеттің болмауына байланысты ауыл жастары көбінесе ақпарат алуда және жаңа медианы пайдалану дағдыларын дамытуда шектеулі. Сонымен қатар, ол жастарға жаңа технологиялар мен әлеуметтік желілерді дамыту және ілгерілету бойынша кеңес беру мен қолдау оларға көптеген мүмкіндіктер ашатынына сенімді.

Саяхатшы, қоғам белсендісі әрі блогер Яков Федоровтың пікірінше ең бастысы жастарды, және «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша инфрақұрылымдық қолдау қажет.

Бұдан бөлек, сарапшылар жастар ресурстық орталықтарының қызметі мен құзіреттілігін айқындап, олардың жұмысын ілгерілетуі маңыздылығына тоқталды.

Айта кету керек, сараптамалық кездесулер барлық деңгейдегі жастар саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу үшін өткізіледі.

25.01.2022

Возврат к списку