Жаңалықтар
Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселесі маңызды- Ерасыл Төлебаев

Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселесі маңызды- Ерасыл Төлебаев

Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселесі маңызды- Ерасыл Төлебаев

Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселесі маңызды- Ерасыл Төлебаев

Ел Президенті жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтып, кәсіпкерлікті дамытуға үлкен қолдау білдіріп отыр – дейді Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, алдағы 5 жылда Қазақстанда беделді деген халықаралық 5 ЖОО филиалын ашу, халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына гранттар бөлу, әскери борышын өтеуге ынталандыру, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу мерзімін ұзарту, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында тиісті грантты 400 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. Бұл жастарға берілген үлкен мүмкіндік» - дейді ол. 

Сондай-ақ жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша Түркістан облысында біршама жұмыстардың жоспарланып отырғандығын жеткізді. 

«Жас кәсіпкерлерді қолдау және NEET санатындағы жастардың үлесін қысқарту мақсатында облыстық «Turkistan startup weekend» үздік инновациялық жобалар байқауын өткізу жоспарлануда. Жоба арқылы Түркістан облысы бойынша NEET санатындағы (не жұ¬мыс істемейтін, не оқымай¬тын, не өзге де істермен айналыс¬пайтын адам) жастардың үлесін 7,0 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің 3,4 пайызға төмендету жоспарлануда. Жалпы бұл жоба облыс жастарының кәсіпкерлікке деген қызығушылығының жоғары болғандығынан жыл сайын тұрақты түрде жалғасып келеді» -дейді ол.

Былғы жылы Түркістан облысында кәсіпкерлік саласында жүзеге асқалы отырған тағы бір үлкен жобаның бірі - «Turkistan HUB» креативті индустрияға арналған кәсіпкерлерді қолдау. Бұл жоба жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған. Жастар бастамаларын қолдау және менторлық сүйемелдеу бойынша кәсіпті жетілдіру арқылы жастардың әлеуметтік белсенділігі арттырылмақ. 

«Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ақпан айынан бастап орталықта бірқатар үйірмелер өз жұмыстарын бастайды. Олардың ішінде домбыра, сурет салу үйірмесі, «Jas qadam» еріктілер мектебі, жеке тұлғалық даму курсы, жас ораторлар мен жүргізушілер үйірмесі, «Baqyt» өзін-өзі дамыту мектебі, ағылшын тілі курсы, мобилография курсы, би үйірмесі бар. Алдағы уақытта да жұмыс ауқымын кеңейтеміз. Президентіміз айтқан басымдықтарды жастар арасында белсенді түрде іске асырамыз – дейді Ерасыл Әшірбайұлы.

Сондай-ақ, жас көшбасшы бүгінде мектеп бітіруші түлектердің де мамандық таңдауы аса маңызды жайт, деп есептейді.

«Президентіміз алдағы 5 жылда Қазақстанда беделді деген халықаралық 5 ЖОО филиалын ашу керектігін айтты. Сондай-ақ, оның екеуі техникалық болу керектігіне басымдық берді. Шынында, бүгінгі күні әлемде техниканы меңгеру ісі қатты дамып келеді. Сондықтан жастар да мамандықты дұрыс таңдауы қажет. Біз бұл бағытта түлектермен кездесулер өткізіп, түрлі іс – шараларды ұйымдастыратын боламыз – дейді ол.

20.01.2022

Возврат к списку