Еңбек жөніндегі уәкілетті органға NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру құзіреті беріледі

Еңбек жөніндегі уәкілетті органға NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру құзіреті беріледі

Еңбек жөніндегі уәкілетті органға NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру құзіреті беріледі

Еңбек жөніндегі уәкілетті органға NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру құзіреті беріледі

Еңбек жөніндегі уәкілетті органға NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру бойынша құзірет берілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 5 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісімен «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы жұмысқа қабылданды. Осы заң жобасы аясында NEET санатындағы жастар ұғымын заңнамалық бекіту қарастырылған. Сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті органға NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру бойынша құзірет беру көзделеді», - деді Асқар Умаров.

Оның айтуынша, министрлік «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын, ҚР-ның жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыруды жалғастырады.

«Оның аясында осы санаттағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмаларды іске асыру аясында бірінші, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруді ақпараттандыруды арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау іс-шаралары туралы NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі жұмыс картасын әзірлеу ұсынылады. Екінші, жастарды қолдау жөнінде қосымша іс-шараларды қамту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспарға өзгеріс енгізу қажет. Үшінші, ҚР Қарулы күштерінде міндетті және мерзімді қызмет атқару кезінде жастарға патриоттық тәрбие беру, жастардың дене шынықтыру және зияткерлік даярлығы, сондай-ақ мамандықтарға оқыту бойынша жаңа тәсілдерді енгізу керек», - деді министр.

13.01.2022

Возврат к списку