Жаңалықтар
Елдегі әлеуметтік-экономикалық зерттеулер назардан тыс қалмасын – Сарапшы

Елдегі әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді назардан тыс қалдырмау керек. Әлеуметтанушы Айгүл Сәдуақасова осылай дейді.

Әсіресе жастардың дамуына үлкен көңіл бөлу керек. Қазір олардың дені әлеуметтік осал топқа кіріп отыр. Елде халықтың 80 проценті несиеге тәуелді. Президенттің өзі жеке тұлғалардың қарызы бизнес өкілдерінікінен асып кеткенін жеткізді. Әлеуметтанушы мемлекетте оң өзгерістерге қол жеткізу үшін салаларды сабақтастыра дамыту керек дейді. Мысалы, білім саласы мен еңбек нарығын бөлек-бөлек жетілдіру нәтиже бермейді. Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі өзгерту үшін де өңірлерді дамытуға аса мән берген жөн.  

Айгүл Сәдуақасова, әлеуметтанушы:

- Біздің байқағанымыз әлеуметтік, экономикалық зерттеулер деп айтамыз. Көп жағдайда осындай зерттеулерге мән берілмейді. Қазіргі таңда зерттеулер жоқ деп айтуға болмайды Қазақстанда. Мысалы, соңғы 5 жылда жақсы зерттеулер болып жатыр. Бізде ұзақ мерзімді төмен жағдайға душар болған азаматтар бар. Әсіресе олар ең әсерлі топтар деп айтамыз. Олар әйел азаматтар, олар жастар.

12.01.2022

Возврат к списку