«Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімі ұзартылып, еңбекақысы көбейтіледі

«Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімі ұзартылып, еңбекақысы көбейтіледі

Целевые гранты для молодежи из густонаселенных регионов предложил выделить Президент РК

«Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімі ұзартылып, еңбекақысы көбейтіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін ұзартып, еңбекақысын көбейту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыссыздық деңгейін түсіруге ерекше назар аудару керек. Әсіресе жастар арасында. Жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері, әсіресе, білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Мұны біз жақсы білеміз. Кездейсоқ нәпақамен күн көріп жүр. Кейбіреулері табыс іздеп жүріп заңнан аттап кетуі мүмкін», - деген Мемлекет басшысы жастардың бастамаларына қолдау білдірудің жаңа тетіктері керек екенін атады.

«Үкіметке «Жастар іс-тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын.

Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік басталамаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды», - деді Президент.

11.01.2022

Возврат к списку