«Jastar: ózekti másele» сараптамалық алаңында жастардың психикалық денсаулық мәселелері талқыланды

«Jastar: ózekti másele» сараптамалық алаңында жастардың психикалық денсаулық мәселелері талқыланды

«Jastar: ózekti másele» сараптамалық алаңында жастардың психикалық денсаулық мәселелері талқыланды

«Jastar: ózekti másele» сараптамалық алаңында жастардың психикалық денсаулық мәселелері талқыланды

2021 жылдың 17 қарашасында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен жастардың психикалық денсаулығы мәселелерін талқылауға арналған «Jastar: ózekti másele» сараптамалық алаңының қорытынды отырысын ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысып, өзінің сөйлеген сөзінде қозғалып отырған тақырыптың маңыздылығын және пандемияға байланысты осы мәселе шиеленіске түскенін жеткізді. Сонымен қатар, жастардың психикалық және физикалық денсаулық тұрғысынан қазіргі жаһандық даму дағдарысынан ең көп зардап шеккендердің қатарында екендіктерін атап өтті.

Парламент Мәжілісінің депутаты Вакиль Нәбиев жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселесіне қатысты нормашығармашылық қызметіне назар аударды.

Жиын барысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Элина Паули «Жастар арасындағы суицид мәселесі және оны алдын алу» сараптамалық сауалнамасының нәтижелерімен таныстырып, жастар арасында суицидті алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырудағы бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ринат Мұзафаров жастардың психикалық денсаулығының бұзылуының алдын алуға бағытталған заманауи тәсілдерді қолданудың маңыздылығына назар аударды.

«Bilim Foundation» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Жанат Досжанова Қазақстанның кейбір аймақтарында суицидті алдын алу бағдарламасын жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, «Тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» Қоғамдық бірлестігі жоба жетекшісі Айгүл Беймішева жүргізілген зерттеулердің маңызды нәтижелерін баяндады.

«Jastar: ózekti másele» сараптамалық алаңы отырысының қорытындысы бойынша сарапшылар суицидті алдын алуға бағытталған практикалық ұсынымдар берілді. Мамандар өз-өзіне қол жұмсауға назар аударудан жастар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен әл-ауқатына назар аударуға, әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көшу қажеттілігіне тоқталды.

Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, офлайн және онлайн режимінде өтті.

18.11.2021

Возврат к списку