Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда құрылысшы мамандар тапшы

Шығыс Қазақстанда құрылысшы мамандар тапшы

Шығыс Қазақстанда құрылысшы мамандар тапшы

Шығыс Қазақстанда құрылысшы мамандар тапшы

Шығыс Қазақстан облысында құрылысшы мамандар тапшылығы сезілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл құрылыс материалдарының құны екі есеге өскен.

«Өңірдегі құрылыс саласының басты мәселесі – жұмыс күшінің тапшылығы болып отыр. Облыста құрылысшыларды дайындайтын колледждер мен жоғары оқу орындары бар. Алайда құрылыс мамандығы бойынша диплом алған жастар басқа салаға кетіп жатыр. Олар оқу кезінде іс-тәжірибеге барғанда жұмыстың ауырлығын көріп, жеңіл жұмыс іздеуге көшеді», - деді палата директоры Қайрат Мамырбаев.

Шығыс Қазақстанда бүгінде 18 колледж 14 мамандық бойынша құрылыс саласының мамандарын дайындайды. Оның ішінде Өскемен және Семей қалаларында екі бейінді колледж бар.

2021 жылы оқу орындарында 437 студент диплом алған. Қазіргі уақытта құрылыс мамандығы бойынша 1 006 студент білім алып жатыр.


17.11.2021

Возврат к списку