Алматы жастар бірлестіктерінің көшбасшылары жасөспірімдерге коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Коронавирустың «дельта» нұсқасы өте қауіпті екені құпия емес.Оның айналымын ескере отырып, мен жасөспірімдерді вакциналауды бастауға барлық негіздерді көріп отырмын, оның үстіне бізде Pfizer сияқты қорғану құралы бар», - дейді «Алматының студенттер альянсы» корпоративтік қорының басшысы Жасұлан Қуандық. Студенттер альянсының жетекшісі елімізде коронавирусқа қарсы иммундау қолжетімді және ақысыз екенін, сондықтан ересектер келіп, вакцинациядан өтіп, балаларды аурудан қорғауы керек екенін атап өтті.
Оның келтірген мәліметі бойынша Алматыда 18 жасқа толмаған 180 мыңға жуық студент бар. Олардың әрқайсысымен еріктілер вакцинация мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жастар көшбасшысының пікіріне Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жобаларының әкімгері Мәдина Иманғожанова қосылды. Оның пікірінше, ата-аналар вакцинациядан кейінгі асқынулардан қорықпауы керек, жасөспірімдер Pfizer вакцинациясын жеңіл қабылдайды, ал коронавирустың асқыну қаупі бірнеше есе жоғары. Айта кетейік, өткен жұмадан бастап Pfizer препаратымен 160 жүкті әйел, 552 бала емізетін ана және 1130 жасөспірім екпе алды.