Түркістанда «Отбасыңмен он тал ек» атты эко-акция басталды
Игі шараның алғашқы күні -ақ тұрғындар «Самал», «Отырар», 1-ші және 2-ші шағынаудандар мен Түркістан-Қызылорда тас жолы бойына 20 мыңнан астам ағаш көшетін екті.
Қоғамдық шараға белсенді қатысқан отбасылар мен ерікті жастарға сыйлық берілді. Үсен Мәккенбаев, қала тұрғыны:
– Отбасыңмен он тал ек» деген акцияға отбасыммен келіп тұрмын. Қыздарым, балаларым осы Түркістан қаласының көркеюіне үлесімізді қосайық деп жатырмыз. Тұрғындардың барлығы осы акцияға шақырамыз. Өз үлесіңізді қосыңыздар.
Шараның мақсаты – Түркістанды жасыл қалаға айналдырып, отбасылар арасындағы ынтымақ-бірлікті арттыру.Жалпы, шаһарды абаттандыру үшін 90 мыңнан астам ағаш көшет егілген.
Нұрбол Тұрашбеков, қала әкімі –
Жалпы Түркістан қаласының аумағын айналдырып, жасыл қалаға айналдыру мақсатында эко-акциямызды бастадық. Алдағы уақыт та қала тұрғындары ары қарай да сол жасыл желекті күтіп ұстаудың барлығын бірлесе отырып жасаймыз. Осы категория бойынша: « Ақтауда ерекше жандарға арналған қос әткеншек орнатылды Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп «Hamkorlik-2021» оқу-жаттығуын өткізеді »