Жаңалықтар
БҚО-да жол салатын маман жетіспейді

БҚО-да жол салатын маман жетіспейді

БҚО-да жол салатын маман жетіспейді

БҚО-да жол салатын маман жетіспейді

Батыс Қазақстан облысында жол құрылысы саласына маман тапшы. Әсіресе жүк көліктері мен автогрейдер жүргізушісін табу қиын. Ауыр жүк көліктерінің тізгіндеуге тіпті жоғары жалақы да қызықтырар емес. Өңірде жол салып жатқан мердігер компанияларда зертхана меңгерушілері мен жол-құрылыс материалдарының инженерлері жетіспейді. Қазір асфальт төсеуші, жол тегістейтін техника, бульдозер мен автогрейдер операторлары қажет. 
Өңірдегі жол құрылысында маман тапшылығы анық сезіліп отыр. Мәселен, «Қазталов-Жәнібек» және «Өнеге-Бисен-Сайхын» бағытында жол салып жатқан кәсіпорындарда зертхана меңгерушілері мен жол-құрылыс материалдарының инженерлері жетіспейді. Бауыржан Айтмағамбетов, БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: - Мердігер компаниялардың кадр жетіспеушілігі бар. Атап айтсақ, инженерлер де жетіспейді, жол мамандары, сонымен қатар асфальт укладчик болсын, автогрейдер, барлық тракторлардың, катоктардың операторлары да жетіспейді. Мына жол «Сапа» ұлттық орталығымен бірлесіп жастарды бұл жұмысқа тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мектептердің оқушылары мен колледждің студенттерімен бірге жастарды жол саласына келуге осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Аймақтағы жол-көлік колледжі автогрейдер, экскаватор, кран және тығыздаушы-тегістеуші машинистерін даярлайды. Оқу орнын биыл тәмамдаған 170 түлек дәл осы мамандықтарды меңгеріп шықты. Бірақ соның арасынан тек 41 түлек ғана өз мамандығы бойынша жол саласына жұмысқа тұрған. Зауырбек Қыпшақбаев, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК БҚО филиалы директорының міндетін атқарушы: - Біздер мына белсенді болған студенттерді өзімізге жұмысқа тартып, дей тұрғанымен, мамандыққа оқығанымен де бұл жол қыр-сырын білмегендіктен қиындықтарға төтеп бере алмай басқа мамандықтарға кетіп қалады. Сол бағытта жылына 4 студентті алып отырамыз. Ақылы түрде өзінің маманының білгір ісмері болып шығады деген мақсатта. Жаңа жолдан сынама алып жүрген Назар Нәбиуллин де жуырда осы орталыққа жұмысқа тұрыпты. Жас маманның айтуынша, жол саласының келешегі зор. Назар Нәбиуллин, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК БҚО филиалының сарапшы маманы: - Мамандығым өте қызық, жұмысым да өте қызық, әр жерде барып өзіме біраз тәжірибе жинадым. Жастарға айтарым оқып жатқан студенттерге осында келіңіздер.

Осы мамандықты таңдаңыздар, болашағы зор мамандық, қазіргі уақытта өте қажет, жалақысы да жақсы.  Қара жолда қызмет етіп жүргендердің дені егде азаматтар. Назар секілді ғұмырын осы салаға арнаймын дейтін жастар әзірге некен саяқ. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» филиалы колледж түлектерін жұмысқа тарта бастады. Сонымен қатар «Мың мектеп» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру қолға алынды. Филиал мамандары жыл басынан бері бес жүзге тарта шәкіртпен жүздесіп, жолшы мамандығының қыр-сырымен таныстырған. 


15.11.2021

Возврат к списку