Жаңалықтар
Павлодарда жастар арасында спорттық саяхат дамып келеді

Павлодарда жастар арасында спорттық саяхат дамып келеді

Павлодарда жастар арасында спорттық саяхат дамып келеді

Павлодарда жастар арасында спорттық саяхат дамып келеді

Балалар мен жасөспірімдердің экологиялық туризм мектебіне баратындар саны 500-ден асқан. Олар құзға өрмелеу және спорттық бағдарлау бойынша даярлықтан өтеді. Оқушылар арнайы жасақталған скалодромда жаттығады. Ал жазда шеберліктерін табиғат аясында шыңдайды. Спорттық бағдарлау бір-біріне ұқсамайтын екі ұғымды біріктірген. Ол математикалық есептеу және жеңіл атлетика. Жас спортшылар кез –келген тығырықтан жол тауып шығуды үйренеді. Оксана Дьяченко, қосымша білім беру педагогы: - Бағдарлау тек жүгіру емес. Бір мезетте спорттық белсенділік пен адамның ой-өрісі сынға түседі.

Сол себепті зияткерлік спорт түріне жатқызылған. Нәтижені бағындыру, жеңіске жету, медаль алу емес бұл жерде қашықтықты бағындыру сезімі өте маңызды.  Бұдан бөлек спорттық бағдарлаушылар жорықтарға шығып тұрады. Ол қоршаған ортамен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Антон Немченко, бағдарлаушы:

- Бағдарлаушы дегеніміз қысқа уақытта белгілі бір жылдамдықпен өзіңе таныс емес жерді жүгіріп өту. Қалың ормандарды, бұрын көрмеген жат жерлерді бағындыруға тура келеді. Кей кездері ол қалалар болуы мүмкін. Ал өрмекшінің торына ұқсас мына арқан жолдардағы жаттығулар бір сәтке де толастамайды. Құзға өрмелеушілер күніне екі-үш сағаттан жаттығады. Солардың бірі Дания Бекмолина биыл Қазақстан құрамасына өтіпті.  Дания Бекмолина, құзға өрмелеуші: - Туризм мені көшбасшы болуға үйретті. Өзіңе деген сенімділікті арттырып, команданы ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Біз республикалық жарыстарға қатысамыз. Табандылығымның арқасында талай жүлделі орындарға ие болдым. Құзға өрмелеп, биіктікті бағындыру тәуекелі басым, қауіптілігі жоғары спорт түрі. Білікті маманның көмегінсіз жұмыс жүрмейді. Ирина Ридзаускене спорттық туризммен 22 жыл бойы айналысып келеді.
Оның он жылын шәкірт тәрбиесіне арнаған. Өзі де осы экологиялық туризм мектебінің түлегі. Ирина Ридзаускене, жаттықтырушы: - Менің балаларым спорттық туризм бойынша Павлодар облысының құрамасына кіреді. Биыл төрт шәкіртім республика құрамасына өтті. Біз барлық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінеміз.

Сонымен қатар солтүстік Тянь-Шаньға жорыққа шығамыз.  Бүгінгі таңда Павлодарда спорттық туризмнің құзға өрмелеу түрімен 450 бала жаттығады. Олар 6 мен 18 жас аралығындағы спортшылар. Спорттық туризммен айналысқан жастардың көпшілігі болашақта өндірістік альпинизм, құтқарушы мамандықтарын таңдайды екен. 

15.11.2021

Возврат к списку