Талдықорғанда «Jetisu – creative days» шығармашылық фестивалі өтті

Талдықорғанда «Jetisu – creative days» шығармашылық фестивалі өтті

Талдықорғанда «Jetisu – creative days»  шығармашылық фестивалі өтті

Талдықорғанда «Jetisu – creative days» шығармашылық фестивалі өтті

Журналистикадағы креатив, киноиндустрия, тик-ток-платформалар мен медиа-дизайн және цифрлық платформаларды тиімді құра білу. Бұл мәселелер Талдықорғанда өткен «Jetisu – creative days» шығармашылық фестивалінде қызу талқыланды. Аталған шара еліміздегі белгілі журналистердің, танымал режиссер, вайнер және тик-ток жасаушылардың қатысуымен өтті.

Алматылық тиктокшы Карина Юнусованың талдықорғандық жастармен кездесуі олар үшін тосын сый болғандай. «Бүгінгі жастарды қысқа-нұсқа бейнежазбаларды түсіруге үйретудің еш қажеті жоқ. Тек дұрыс бағыт-бағдар берсең болды. Қалғанын өздері ары қарай дамытып алып кетеді» дейді Карина.

Карина Юнусова, тик-ток жөніндегі сарапшы:

– Бүгінгі шараға қатысушылардың шағын бейнероликтерді түсіріп, өздері монтаждай алатынын естіп, қатты қуанып отырмын. Бұл жастар елімізде заңды түрде қаржы таба алады деген сөз. Ең бастысы соған уақыт тауып, талаптана білсе болғаны.

Алишер Утев, Ернар Нұрғали сияқты кинорежиссер, продюсер, сценаристер мен Рүстем Жанымамановтай көпшіліктің ықыласына бөленген актерлар отандық сериалдарды жақсы көретін жастармен кездесіп, киноиндустирия саласын дамыту мәселесіндегі өз ойларын ортаға салды.

Алишер Утев, режиссер:

– Өте жақсы жұмыстар жүріп жатыр. Менің ойымша алдағы бір 2-3 жылда біздің қазақстандық режиссерлер, продюсерлер әлемді мойындатады деп айта алмаймын, бірақ ең мықты платформаларда болады деген үміттемін.

«Бүгінде отандық кинокартиналарды әлемдік нарыққа шығаруға мол мүмкіндік бар. Ол үшін әлемдік тенденцияны жан-тәнімен ұғына білетін қазақстандық режиссерлер талмай ізденіп, еңбектенуі керек. Шығармашылық осындай басқосулар мен пікір алмасулар арқылы дамиды» дейді сарапшылар.

10.11.2021

Возврат к списку