Жаңалықтар
Вакцинация туралы үздік бейне-челлендж иесіне 1 миллион теңге беріледі

Вакцинация туралы үздік бейне-челлендж иесіне 1 миллион теңге беріледі

Вакцинация туралы үздік бейне-челлендж иесіне 1 миллион теңге беріледі

Вакцинация туралы үздік бейне-челлендж иесіне 1 миллион теңге беріледі

Екпе алған жастар арасында 1,5 млн теңгенің ұтыс ойыны 30 қарашаға дейін ұзартылды.

КВИ вакцинасының екі компонентін алған елордалық студенттер арасында вакцинация туралы үздік бейне-челленджге арналған байқау осы жылдың 30 қарашасына дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқау жастар арасында COVID-19 таралуына қарсы күресу және вакцинациядан өтуге ынталандыру, сондай-ақ студенттер арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізіледі.

Байқау жеңімпазы 1 миллион теңге, екінші орын иегері 300 мың теңге, үшінші орын иегері 200 мың теңге алады. Сондай-ақ байқауға қатысушылар үшін "Арена fitness", "Winox" фитнес-залдарының танымал желілерінен және "Хлебный край" компаниясынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Конкурсқа астананың орта арнаулы (колледж) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады, олар осы жылдың 5 тамызы мен 30 қарашасы аралығында Нұр-Сұлтанның кез келген егу пунктінде вакцинациядан өтіп, тиісті құжат алады.

Барлық ниет білдірген қатысушылар Google Forms арқылы @astana_jastary Instagram профилінде көрсетілген сілтемеге қатысуға өтінім жіберуі қажет. Бұдан әрі Нұр-Сұлтан қаласындағы кез келген егу пунктінде вакцинамен иммундаудан өту, вакцинацияның пайдасы туралы креативті бейне-челленджді түсіру және оны Instagram мен Tik tok-та жастардың басым бөлігі арасында тарату қажет. Жарияланымдардың астында мына хэштегтерді көрсетуді ұмытпаңыз: #stopCovid #жастардың вакцинациясы #nsjastary #astanajastary және жеке челленджге тартылған қатысушылардың санын бақылау үшін бір нақты хэштег. Байқау соңында ең көп ізбасар жинаған бейнеролик авторлары (1,2,3 орын) ақшалай сыйлық алады.

Байқау ережесінің толық шарттарымен Instagram-дағы @astana_jastary және @ns_jastary парақшаларынан танысуға немесе +77471909693 WhatsApp нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Байқау нәтижелері 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де жарияланады.

09.11.2021

Возврат к списку