"Астана жастары" есірткіге қарсы акцияға қатысты

"Астана жастары" есірткіге қарсы акцияға қатысты

"Астана жастары" есірткіге қарсы акцияға қатысты

"Астана жастары" есірткіге қарсы акцияға қатысты

"Астана жастары" волонтерлері елорда тұрғындарына кибер-алаяқтық пен есірткіге қарсы бағытталған 5000 буклет таратты

Акцияға колледждердің 50 студенті қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Бүгін біз нашақорлық пен кибер-алаяқтыққа қарсы түрлі сипаттағы пайдалы профилактикалық ақпараты бар 5000 буклет таратуды жоспарлап отырмыз", - деді ерікті Дамир Айтымов.

Оның айтуынша, еріктілер қаланың 8 нүктесінде буклеттер таратты. Ол – "Астаналық" СО, "Шапағат" СО, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, вокзал ауданы, Орталық жағалау, "Рахмет" СО, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті, "Азия Парк" СОСО және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аумақтары.

Акцияны қалалық волонтерлер штабы Жастар саясаты мәселелері басқармасымен және Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

Жыл соңына дейін тағы 50000 буклет тарату жоспарланып отыр.

08.11.2021

Возврат к списку