Жаңалықтар
Көкшетау қаласының 1-курс студенттерімен кездесу кеші өтті

Көкшетау қаласының 1-курс студенттерімен кездесу кеші өтті

Прошла встреча со студентами первого курса в городе Кокшетау

Көкшетау қаласының 1-курс студенттерімен кездесу кеші өтті

Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында жиырмадан астам жастар бірлестігі мен ұйымы бар. Олар мазмұны жағынан әртүрлі, бірақ бір бағытта жұмыс істейді. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың қараша айының 3 жұлдызында Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 1-курс студенттері үшін, облыстың жастар саясаты мен студенттік ортасына бейімделуге көмек көрсету, түрлі бағыттар бойынша белсенді және перспективалы студенттермен жұмыс ұйымдастыру, құқықтық сауаттылықты, СӨС және қоғамдық белсенділікті насихаттау, облыстық жастар-ресурстық орталығы қызметінің жалпы жоспарын орындау мақсатында «Өз таңдауыңды жаса» атты таныстыру бағдарламасы өтті.

Аталған іс-шараға «Dilmar» дебат клубы, «Kazmed Jastary» медициналық Жастар Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Вера в добро» ВО, «Думан» Ақмола облыстық педагогикалық жасағы, «Феникс» еріктілер орталығы, «The Legacy Show» би студиясы, «Рахат» волонтерлық орталығы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының қатысуымен өткен болатын. Сонымен қатар, «Би спорты федерациясы» ҚБ, «Реверанс» би-спорт клубы және Көкшетау қаласының Ішкі саясат бөлімінің «Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ қатысты. Кеш барысында әрбір жастар қоғамдық бірлестігі өзінің қызметі туралы айтып, жастарға қызығушылық танытты. Студенттер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Ескеева Мәнсия өз сөзінде жас адам өзіне өмірде жүзеге асыруға, өзіндік құндылық планкасын құруға көмектесетін басым құндылық ұстанымдарын, трендтерін нақты анықтауы тиіс екенін атап өтті. Әр адам жеке әлеуетін, бар қабілеттерін іске асырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуы керек.

Сондай-ақ, презентациялық бағдарлама аяқталғаннан кейін, қатысушыларға кеңес беру алаңы ұйымдастырылды. Алаңда, «Отбасы банк» өкілі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығы, облыстық жастар-ресурстық орталығының социолог-психолог пен жастарды жұмыспен қамту мамандары қатысушыларға кеңес берді.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының

баспасөз қызметі


08.11.2021

Возврат к списку