Ердоған: "Түркия жастарынан алған күшпен болашаққа үмітпен қарайды"

Ердоған: "Түркия жастарынан алған күшпен болашаққа үмітпен қарайды"

Ердоған: "Түркия жастарынан алған күшпен болашаққа үмітпен қарайды"

Ердоған: "Түркия жастарынан алған күшпен болашаққа үмітпен қарайды"

Президент Ердоған Түркия Кәсіпкерлер саммитіне бейне жолдама жіберді.


Президент Режеп Тайып Ердоған батыс елдері халқының қартая бастағанын атап, Түркияның жастарынан алған күшпен болашаққа үмітпен қарағанын айтты.

Президент Ердоған Кәсіпкер Іскерлер Қоры (GİV) мен Түрік жастар қоры (TÜGVA) Конияда ұйымдастырған Түркия Кәсіпкерлер саммитіне бейне жолдама жіберді.

Саммиттің кәсіпкерлер, ел экономикасы және Түркия үшін сәтті өтуіне тілек білдірген Ердоған «Кәсіпкерлік жүлделерімен марапатталған іскерлерімізді құттықтаймын. Осы жылы ‘Пікірден кәсіпорынға’ тақырыбымен өткен саммитке өз пікірлері, бағалаулары, тәжірибелері және өнімдерімен үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс айтқым келеді» деді.

Президент Ердоған кәсіпкерліктің ұлтқа тән қасиет екенін атап, «Біз қажетті инфрақұрылымды, білім мен мүмкіндікті қамтамасыз еткенде, азаматтарымыздың әр қайсысының кәсіпкерлік пен инновация тақырыбында өте үлкен жетістіктерге қол жеткізетінін білеміз» деді.

Ердоған «Жасыл даму төңкерісімен» алғаш сүйіншілеген жаңа көзқарастарды қалыптастыру барысында қоғамнан жекеменшік салаға дейін баршаға өте маңызды жауапкершілік түскенін атап, «Бұл тұрғыда әсіресе жастарымыздан үлкен үміт күтеміз. Батыс елдерінің халқы қартайып, шығыста білім мен инфрақұрылым мәселелері әлі шешілмей жатқан кезеңде еліміз Түркия жастарынан алған күшпен болашаққа үмітпен қарайды. Басымыздан өткен әрбір тәжірибе, басынан өткерген әрбір қиыншылық халқымыздың алға қойған мақсаттарына жетуге деген ынтасын арттыруда. Анадолыда алғаш мемлекеті Селжұқтардың бас қаласы Конияда ұйымдастырылған Түркия Кәсіпкерлер саммиті үлкен және мықты Түркияны құру жолында баршамызға шабыт береді» деді.

04.11.2021

Возврат к списку