Жаңалықтар
Ақмола облысында студенттер мен NEET санатындағы жастарға қандай қолдау көрсетілуде

Ақмола облысында студенттер мен NEET санатындағы жастарға қандай қолдау көрсетілуде

Ақмола облысында студенттер мен NEET санатындағы жастарға қандай қолдау көрсетілуде

Ақмола облысында студенттер мен NEET санатындағы жастарға қандай қолдау көрсетілуде

Ақмола облысында ағымдағы жылы жастарды дамыту мен қолдауға 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Студенттер мен NEET санатындағы жастарға қандай қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, елімізде жастарды қолдаудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Осыған байланысты облыста биылғы жылы жастарды дамыту мен қолдауға 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Бұл сомаға облыстық бюджеттен 250 миллион, қалалық және аудандық бюджеттерден 250 миллионнан астам, сондай-ақ жастар және отбасы саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 11 лотын іске асыруға 65 миллионға жуық қаражат кіреді», - деді басқарма басшысы.

Брифингте айтылғандай, Ақмола облысында бүгінде 14-29 жас аралығындағы 153 382 адам тұрады, бұл облыс халқының 20 пайызы. Ауыл жастарының саны – 84 892, қала жастарының саны – 68 490. Облыс бойынша 15-28 жас аралығындағы NEET санатындағы (жұмыс істемейтін, білімі немесе кәсіби дайындығы жоқ жастар) жастар саны 11 599-ды құрады. Бұл санатта декреттегі жас әйелдер, маусымдық жұмысшылар мен мүгедектер болғандықтан, мониторинг нәтижелері бойынша нақты саны 2 298 адамды құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз болып тіркелген жастар олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберіледі.

«Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасына 4 985 адам қатысып, 4 722 адамды жұмысқа орналастырды, оның ішінде бос жұмыс орындарына – 3 308, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 745, әлеуметтік жұмыс орындарына – 155, жастар тәжірибесіне – 454. Сондай-ақ, алғашқы жұмыс орнына 53 адам орналастырылды. Қысқа мерзімді курстарда 168 бала оқыды, 209 – грант алды, 55 – шағын несие алды, 460 – «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыды», – деп толықтырды Алтынай Әміренова.

Басқарма басшысы атап өткендей, қазіргі кезде өңірде өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру үшін жалпы сомасы 2,5 миллион теңгенің жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде әлеуетті өнім берушімен келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру үшін облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан арнайы бөлім ашылды.

03.11.2021

Возврат к списку